• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2019

Солтүстік Қазақстанда  емдеу мекемелері оңтайландырылады

558 рет
көрсетілді

Облыс орталығында 4 емхана жұмыс істейді. Әрқайсысына шамаман  70-80 мың  адам бекітіліп берілген .Есесіне дәрігерлерге түсетін жүктеме көп.

Медициналық қызметтің талапқа сай көрсетілуіне жаңадан  бой көтерген Береке ықшам ауданында  тұратын 30 мың адам зәру. Қазір олар осы  маңдағы жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрайтын отбасылық емханаға қаралғанымен, сапалы ем-дом ала алмай жүр. Аядай ғана бөлмелерде күн сайын кезек жетіп артылады.  

«Өткен жылдан бастап отбасылық емдеу орталықтары ашылып,   3-ші және  2-ші  емханалар жанында жұмыс істейді. “Береке” ықшам ауданы тұрғындарының бір бөлігі соңғы аталған мекеме қызметіне жүгінген. Бірақ  қатынаудың қиындығына, жер шалғайлығына байланысты шағымдар көбейіп кетті. Қазір олардың тұрғылықты  мекен-жайларда  қаралуын қарастырып жатырмыз. Осы өзекті мәселені шешу үшін тағы бір отбасылық емдеу нысаны қолданысқа беріледі», дейді  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

Ол БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қаладағы емдеу мекемелері біріктірілетінін атап өтті. Айтуынша былтыр тері-венерологиялық диспансер облыстық ауруханамен қосылған. Осы  іспетті оңтайландыру биыл да жалғаспақ. Жоспар бойынша  онкологиялық, кардиологиялық және перинаталдық орталықтар қосылады.

Өңірдің бас дәрігері ресурстарды ұтымды  пайдаланылады, ең бастысы,  кадрлық әлеует, техникалық база тиімді жұмыс істейді деген сенімін жасырмады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

 «Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы